Таң 05:09 Күн 06:40 Бесін 13:22 Екінті 17:52 Ақшам 19:56 Құптан 21:27

РЫЗЫҚ

26/05/2017 3328 0 Muftyat.kz

РЫЗЫҚ

РЫЗЫҚ

Тіршілік иелерінің ішіп-жейтін, пайдаланатын нәрселері “рызық” деп аталады. Барлық тіршілік иелеріне рызық беруші – Алла. Құранда Алла Тағала былай дейді:

“Жер жүзіндегі күллі жаратылыстың қорегі тек Аллаға ғана тиесілі”[1]

Алла әркімнің рызығын белгілеп, жазып қойған. Бірақ сол рызықты іздеп табу адамның өз қолында. Адамның – міндеті, рызығын адал жолдармен табу. Адам рызығын қалай қаласа, Алла соған қарай береді. Несібесін табу жолындағы ерік-жігерін жамандыққа жұмсаған және харам нәрсе жеген адам жазасын тартады.

 


[1] Һұд сүресі, 6-аят.