Таң 03:07 Күн 04:57 Бесін 13:18 Екінті 18:51 Ақшам 21:29 Құптан 23:19

ҒИБАДАТТЫҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІ

24/05/2017 145156 0 Muftyat.kz

ҒИБАДАТТЫҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІ

ҒИБАДАТТЫҢ ДӘРЕЖЕЛЕРІ

Ғибадат үш түрлі оймен жасалады:

1) Ғибадат пен құрметке лайық жалғыз жаратушы болғаны үшін Аллаға құлшылық ету.

Ешқандай пайда күтпей, тек Алланың әмірін орындау мақсатымен жасалған мұндай ғибадат – ғибадаттың ең жоғары дәрежесі болып табылады.

2) Жәннатқа кіруді үміттеніп немесе жәһаннамнан қорқып ғибадат ету.

Мұндай жолмен ғибадат ететін адам Алланың әмірін орындаған болып табылады. Бірақ, адам ғибадатта жеке басының қамы үшін емес, бір ғана Алла разылығы үшін жасауы керек.

3) Дүниедегі өз пайдасы мен сырт көзге көрсету үшін ғибадат ету. Бұл ғибадаттың ең төменгі дәрежесі. Мұны ғибадат деп атаудың өзі артық. Өйткені, Алла үшін жасалмаған ғибадаттың ешқандай құны жоқ.