Қаз Рус Qaz قاز
Таң 02:58 Күн 04:49 Бесін 12:46 Екінті 18:08 Ақшам 20:33 Құптан 22:24

НАМАЗ УАҚЫТТАРЫ

24/05/2017 242981 1 Muftyat.kz

НАМАЗ УАҚЫТТАРЫ

НАМАЗ УАҚЫТТАРЫ

Бір күнде бес уақыт намаз бар. Олар: таң, бесін, екінті, ақшам және құптан намаздары. Бұл намаздардың белгілі бір уақыттары бар. Әр намаз өз уақытында оқылуы керек. Уақытынан бұрын намаз оқуға болмайтыны сияқты, үзірсіз намазды уақытынан кейінге қалдыру да – үлкен күнә. Құран Кәрімде былай делінген:

“Намаз мүминдерге белгілі уақыттарда парыз болды”[1][2]

Таң намазының уақыты: Таңертең таң ағара бастағаннан бастап, күн шыққанға дейінгі уақыт.

Бесін намазының уақыты: Күн дәл төбемізге келіп, көлеңке шығысқа қарай ұзара бастаған уақыттан бастап – күн дәл төбемізде болған кездегі көлеңке емес, әр нәрсенің көлеңкесі екі есе ұзарғанға дейінгі уақыт.

Екінті намазының уақыты: Бесін намазының уақыты біткеннен бастап күн батқанға дейінгі уақыт.

Ақшам намазының уақыты: Күн батқаннан бастап қызыл шапақ, содан кейін пайда болатын ақ түс жоғалғанға дейінгі уақыт.

Құптан намазының уақыты: Ақшам намазының шығатын уақытынан басталып, таң намызының уақытына дейін жалғасады.

Үтір намазының уақыты: Үтірдің уақыты да дәл Құптан намазының уақыты. Бірақ үтір намазы құптан намазынан кейін оқылады.

Жұма намазының уақыты: Бесін намазының уақыты.

Тарауих намазының уақыты: Құптан намазының уақыты.

Екі Айт намазының уақыты: Айт күндері таңертең күн шыққаннан шамамен 50 минуттай өткеннен басталып (арқан бойы көтерілген-нен) күн дәл төбеге келгенге дейін созылатын уақыт.

НАМАЗ ОҚЫЛМАЙТЫН УАҚЫТТАР

1) Кейбір уақыттарда намаз оқуға болмайды. Мұндай уақыттар үшеу:

2) Күн шығып келе жатқанда

3) Күн дәл төбеге келгенде (тал түсте)

4) Күн батып бара жатқанда

5) Тек қана егер сол күннің екінті намазының парызы оқылмаған болса, күн батып бара жатқанда оқуға болады.

 


[1]

[2] Ниса сүресі, 103-аят

Пікірлер

Амина | 03/04/2018

Менің жасым 10 да мен намаз оқып бастағым келеді.

admin | 23/05/2019

Намаз сайтымыздан үйренсеңіз болады. Болмаса мешіт жанындағы сауат ашу курстарына қатысып, үйрене аласыз