Қаз Рус Qaz قاز
Таң 02:58 Күн 04:49 Бесін 12:46 Екінті 18:08 Ақшам 20:33 Құптан 22:24

ТӘЙӘММҮМ

24/05/2017 130722 0 Muftyat.kz

ТӘЙӘММҮМ

ТӘЙӘММҮМ

Ниет етіп, таза топырақ немесе топырақ жынысты нәрсеге қолдарын ұрып, бетіне және қолдарына мәсіх тарту “тәйәммүм” деп атала-ды. Дәрет немесе ғұсыл алу үшін су жоқ жағдайда тәйәммүм соғу – дәрет пен ғұсылдың орнын басады.

ТӘЙӘММҮМНІҢ ПАРЫЗДАРЫ

Тәйәммүмнің екі парызы бар:

1) Ниет ету;

2) Қолдарын таза топыраққа немесе топырақ жынысты нәрсеге ұрып бетіне, сосын тағы да ұрып қолдарына мәсіх тарту.

ТӘЙӘММҮМНІҢ СҮННЕТТЕРІ

1) “Бисмиллә” айту;

2) Ретті сақтау;

3) Үзбей, бірінің артынан бірін орындау;

4) Топыраққа ұрған кезде қолдарды әуелі алға созу;

5) Содан кейін кері тарту;

6) Саусақтардың арасын ашу;

7) Қолын жерден көтергенде егер шаң болса, қолдарын бір-біріне қағу.

ТӘЙӘММҮМ ҚАЛАЙ АЛЫНАДЫ?

Жеңдерді шынтақтан жоғары түреді. Ниет етіледі. Саусақтардың арасы ашылып, алақан таза топыраққа не топырақ жынысты нәрсеге ұрылады. Егер қол шаң болып қалса, бір-біріне жайлап ұрып, сілкіленеді. Содан кейін алақанмен бетке толығымен мәсіх тартылады. Алақан топыраққа ұрылып, сол алақанмен оң қол шынтақты қоса, оң алақанмен сол қол шынтақты қоса мәсіх етіледі.

ТӘЙӘММҮМДІ БҰЗАТЫН НӘРСЕЛЕР

1) Дәретті бұзатын нәрселер тәйәммүмді де бұзады.

2) Дәрет пен ғұсыл үшін су табылып, бұл суды жарату мүмкін болса, тәйәммүм бұзылады.

3) Бір жара не кеселге байланысты су тигізе алмағаны үшін тәйәммүм етуге мәжбүр болған адамның жарасы не кеселі жазылған кезде тәйәммүм бұзылады.

ТӘЙӘММҮМ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА АЛЫНАДЫ

1) Дәрет пен ғұсыл алатындай таза су болмаған жағдайда;

2) Су болса да суды жарату мүмкін болмаған жағдайда;

3) Дененің бәрі немесе көбісі жаралы болып, су қолдану зиянды болған жағдайларда.

Тәйәммүм – ғибадаттарды орындауымыз үшін пайғамбарымызға және барша мұсылмандарға Алланың жасаған жеңілдігі.