Қаз Рус Qaz قاز
Таң 02:58 Күн 04:49 Бесін 12:46 Екінті 18:08 Ақшам 20:33 Құптан 22:24

ҮЗІРЛІ КІСІЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ

24/05/2017 278876 0 Muftyat.kz

ҮЗІРЛІ КІСІЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ

ҮЗІРЛІ КІСІЛЕРДІҢ ЖАҒДАЙЫ

Дәретті бұзатын жағдайлардың бірі, бір намаз уақыты бойы үзілмей жалғасатын болса бұл жағдай “үзір” деп, ал мұндай жағдайдағы кісі “үзірлі кісі” деп аталады.

Бір ауру себепті мұрнының немесе денесінің бір жерінен қан немесе басқа нәрселер (тамшы түрінде зәрдің шығуы, ірің т.б.) ағатын адам намаз уақыты ішінде аққан нәрсе тоқтасымен дәрет алып, намазын оқиды.

Егер аққан нәрсе намаз уақыты бойы тоқтамаса “үзірлі” болып есептеледі.

Мұндай адам намаз уақыты кіргенде, үзір тоқтауын күтпей дәретін алып, намазын оқи береді. Аққан нәрседен басқа дәретті бұзатын себептер болмаса, осы дәретпен осы намаз уақыты ішінде қалағанынша намаз оқи алады (қаза немесе нәпіл намаздары сияқты).

Үзірлі адамның дәреті намаз уақытының шығуымен бұзылады. Үзірлі жағдайдың жалғасуы әр намаз үшін уақыт кіргеннен кейін қайтадан дәрет алуды қажет етеді.

Бұл үзірлі кісілерге дініміздің жасаған жеңілдігі.