Таң 05:37 Күн 07:04 Бесін 13:10 Екінті 17:10 Ақшам 19:06 Құптан 20:32

ҒИБАДАТТЫҢ ТҮРЛЕРІ

24/05/2017 247809 0 Muftyat.kz

ҒИБАДАТТЫҢ ТҮРЛЕРІ

ҒИБАДАТТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Ғибадаттар үшке бөлінеді:

1) Дене арқылы орындалатын ғибадаттар: намаз оқу, ораза ұстау сияқты. Дене арқылы орындалатын ғибадаттарды әр мұсылман өзі орындауы керек. Бұл ғибадат түріне өкілдік жүрмейді. Бір адам басқа бір адамның орнына намаз оқып, ораза ұстай алмайды.

2) Дүние-мүлік арқылы орындалатын ғибадаттар: зекет беру және құрбан шалу сияқты. Ғибадаттың бұл түрінде өкілдік жасауға болады.

3) Әрі дүние-мүлік, әрі дене арқылы орындалатын ғибадат. Бұл түрге қажылық жатады. Ақшасы болғанымен қажылыққа бара алмайтындай дәрежедегі мүгедек, ауру немесе қарт кісілер өзінің орнына басқа біреуді өкіл ретінде қажылыққа жібере алады.