Таң 03:47 Күн 05:42 Бесін 13:25 Екінті 18:36 Ақшам 20:57 Құптан 22:51

СУЛАРДЫҢ ТҮРІ

24/05/2017 153173 0 Muftyat.kz

СУЛАРДЫҢ ТҮРІ

ТАЗАЛЫҚ ТҰРҒЫСЫНАН Сулар екіге бөлінеді:

а) Таза сулар:

Бұлар: жаңбыр суы, қар суы, өзен, көл, теңіз, бұлақ және құдық сулары. Су дегенде ойымызға осылар келеді. Бұл суларға ештеңе араласпаған яғни таза сулар.

ә) Аралас сулар:

Бұлар, гүл суы, жеміс-жидек сулары мен басқа да нәрселер араласқан сулар. Бұл сулармен дәрет, ғұсыл алуға болмайды.

Тазалық тұрғысынан “таза (мұтлақ) сулар” беске бөлінеді:

1) Әрі таза, әрі тазарту мақсатында қолданылуы мәкрүһ емес сулар:

Бұлар: түсі, дәмі, иісі бұзылмаған, негізі өзгермеген және қолданылмаған сулар. Бұл сулармен әр түрлі тазалық жасалынып, дәрет, ғұсыл алынады және тамаққа және ішу үшін де пайдаланылады.

2) Әрі таза, әрі тазарту мақсатында қолданылуы мәкрүһ сулар:

Бұлар мысық, тауық сияқты үй жануарлары мен қаршыға, бүркіт сияқты құстардан қалған сулар. Басқа таза су бола тұрып мұндай сулармен дәрет, ғұсыл алу, ішу немесе тамаққа пайдалану мәкрүһ. Таза су болмаған жағдайда мұндай суларды пайдалану мәкрүһ емес.

3) Өзі таза болғанымен басқа нәрселерді тазалауға жарамайтын сулар:

Бұлар дәрет пен ғұсыл алуда қолданылған сулар. Мұндай сулармен қайтадан дәрет, ғұсыл алынбайды.

4) Таза емес сулар:

Бұлар ішіне лас нәрселер түскен, тоқтау сулар. Иттің, доңыздың және басқа жыртқыш аңдардан қалған сулар да таза емес және ешқандай тазалық үшін қолданылмайды.

5) Күмәнді сулар:

Бұлар есек пен қашырдан қалған сулар. Мұндай сулармен лас нәрселерді жууға болады. Бірақ басқа таза су тұрғанда бұл сумен дәрет, ғұсыл алуға болмайды. Басқа су жоқ болса дәрет, ғұсыл алынады, артынан тәйәммүм алынады. Өйткені, мұндай сулардың тазалығында күмән бар.