Таң 03:47 Күн 05:42 Бесін 13:25 Екінті 18:36 Ақшам 20:57 Құптан 22:51

ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМДАҒЫ ТАЗАЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ

24/05/2017 172485 0 Muftyat.kz

ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМДАҒЫ ТАЗАЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ

ТАЗАЛЫҚ ЖӘНЕ ИСЛАМДАҒЫ ТАЗАЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ

Ислам діні – тазалыққа негізделген дін. Мұсылман – таза адам деген сөз. Таза адамды Алла да сүйеді әрі жұрт та жақсы көреді. Раббымыз Құран Кәрімде былай дейді:

“Алла көп тәубе еткендер мен жақсы тазаланғандарды сүйеді.”[1]

Алланың сүйікті құлы болу үшін тазалыққа ерекше мән беруіміз керек. Сүйікті пайғамбарымыз: “Тазалық – иманның жартысы”[2] дей отырып, дініміздегі тазалықтың маңызын білдірген.

Мұсылман адам намаз оқыған кезде Алланың құзырында тұрады. Алланың құзырына шығу үшін дене, киім және намаз оқитын орынның таза болуы керек. Дініміз ішкі тазалыққа да аса мән берген. Мұсылманның сырты қаншалықты таза болса, жүрегі мен рухы да таза болуы қажет.

 


[1] Бақара сүресі, 222-аят

[2] Мәшарикул-әнуар, ІІ том, 107 бет