Таң 04:30 Күн 05:55 Бесін 13:00 Екінті 17:54 Шам 19:57 Құптан 21:22

Алланың есім-сипаттары

28/04/2017

АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІ

 

Уа, Раббым! Тіл жетпейді сипатың мен сыныңа,

Тосылады тереңдемей сырына.

Тәңірі Алла! Сенен өзге тәңір жоқ,

Туралық бер, рахымың төк құлыңа!

 

Алланың көркем есімдерінің тізімі 

  1. Алла (Аллаһ)  اللَّهُ  Әлемдердің Жаратушысы.
  2. Ар-Рахман الرَّحْمٰنُ Аса рахымды.
  3. Ар-Рахим الرَّحِيمُ  Ерекше мейірімді.
  4. Әл-Мәлик    المَلِكُ Патша, билік Иесі.
  5. Әл-Қуддус  القُدُّوسُ Аса қасиетті.
  6. Әс-Сәләм   السَّلاَمُ Бейбітшіл.
  7. Әл-Мумин  المُؤْمِنُ  Аса сенімді.
  8. Әл-Муһәймин  المُهَيمِنُ Толық басқарушы.
  9. Әл-Азиз العَزِيزُ  Үстем, Аса даңқты, бәріне құдіретті.
  10. Әл-Жаббар  الجَبَّارُ Бойсұндырушы, Аса құдіретті.
  11. Әл-Мутәкәббир  المُتَكَبِّر Тәкаппар, Аса жоғары.
  12. Әл-Халиқ  الخَالِقُ Жаратушы.
  13. Әл-Бари  البَارِىءُ Жоқтан бар етуші.
  14. Әл-Мусаууир  المُصَوِّرُ Бейнелеуші.
  15. Әл-Ғаффар  الغَفَّارُ Кешірімшіл, Аса кешірімді.
  16. Әл-Қаһһар  القَهَّارُ Өктем, шексіз қаһар Иесі.
  17. Әл-Уаһһаб  الوَهَّابُ Сый беруші.
  18. Ар-Раззақ  الرَّزَّاقُ Ризықтандырушы.
  19. Әл-Фаттах  الفَتَّاحُ Жеңуші, Ашушы.
  20. Әл-Алим  العَلِيمُ Бәрін Білуші.
  21. Әл-Қабид القََابِضُ Тарылтушы, Ұстап қалушы.
  22. Әл-Басит  البَاسِطُ Кеңейтуші.
  23. Әл-Хафид  الخَافِضُ Төмендетуші, Түсіруші.
  24. Ар-Рафиъ  الرَّافِعُ Жоғарылатушы, Биіктетуші.
  25. Әл-Муъиззу  المُعِزُّ Даңқты асырушы, жеңіс беруші.
  26. Әл-Музиллу  المُذِلُّ Дәрежені төмендетуші.
  27. Әс-Сәмиъу  السَّمِيعُ Бәрін Естуші.
  28. Әл-Басир  البَصِيرُ Бәрін Көруші.
  29. Әл-Хакам   الحَكَمُ Қазы, Төреші.
  30. Әл-Адл  العَدْلُ Әділетті.
  31. Әл-Латиф  اللَّطِيفُ Жұмсақ, Мейірімді.
  32. Әл-Хабир  الخَبِيرُ Бәрінен Хабардар.
  33. Әл-Халим  الحَلِيمُ Ұстамды, жылылық Иесі.
  34. Әл-Азим  العَظِيمُ Ұлық, Ардақты.
  35. Әл-Ғафур  الغَفُورُ Кешіруші, Кешірімді.
  36. Әш-Шәкур الشَّكُورُ Алғыс айтушы, жақсылықтың қарымтасын қайтарушы.
  37. Әл-Алий  العَلِيُّ Асқақ, Бәрінен Биік.
  38. Әл-Кәбир  الكَبِيرُ Үлкен, аса зор.
  39. Әл-Хафиз  الحَفِيظُ Сақтаушы, қорғаушы.
  40. Әл-Муқит  المُقِيتُ Қорек беруші, пенделердің қажеттіліктерін меңгеруші.
  41. Әл-Хасиб  الحَسِيبُ Есептеуші.
  42. Әл-Жәлил  الجَلِيلُ Аса ұлық, аса мәртебелі.
  43. Әл-Кәрим  الكَرِيمُ Аса жомарт.
  44. Ар-Рақиб  الرَّقِيبُ Бақылаушы.
  45. Әл-Мужиб  المُجِيبُ Жауап беруші, тілекті қабыл алушы.
  46. Әл-Уасиғ  الْوَاسِعُ Кеңпейілді, Бәрін қамтушы.
  47. Әл-Хаким  الحَكِيمُ Дана, хикмет Иесі.
  48. Әл-Уадуд  الوَدُودُ Сүюші.
  49. Әл-Мәжид  المَجِيدُ Даңқты, абырой Иесі.
  50. Әл-Бағис  البَاعِثُ Қайта Тірілтуші.
  51. Әш-Шәһид  الشَّهِيدُ Куәгер, барлық нәрсеге куә болушы.
  52. Әл-Хаққ  الحَقُّ Ақиқат, Хақиқи.
  53. Әл-Уакил  الوَكِيلُ Қамқор, Уәкілдік етуші.
  54. Әл-Қауий القَوِيُّ  Қуатты, Күшті.
  55. Әл-Мәтин  المَتِينُ Өте Берік, Мықты.
  56. Әл-Уалий  الوَلِيُّ Дос, Жанашыр.
  57. Әл-Хамид  الحَمِيدُ Мақтаулы.
  58. Әл-Мухси  المُحْصِي Бәрін есептеуші.
  59. Әл-Мубди  المُبْدِيءُ Бастаушы.
  60. Әл-Муғид  المُعِيدُ Қайтарушы.
  61. Әл-Мухи المُحْيِي  Тірілтуші.
  62. Әл-Мумит  المُمِيتُ Өлтіруші.
  63. Әл-Хайй  الحَيُّ Мәңгі Тірі.
  64. Әл-Қаййум  القَيُّومُ Өздігінен Тұрушы.
  65. Әл-Уажид  الوَاجِدُ Табушы, Бай.
  66. Әл-Мәжид  المَاجِدُ Игілікті, Даңқты.
  67. Әл-Уахид  الوَاحِدُ Жалғыз.
  68. Ас-Самад الصَّمَدُ  Мұңсыз, Мұқтажсыз.
  69. Әл-Қадир القَادِرُ Құдіретті.
  70. Әл-Муқтадир المُقْتَدِرُ Бәріне құдіретті.
  71. Әл-Муқаддим  المُقَدِّمُ  Алға шығарушы.
  72. Әл-Муаххир المُؤَخِّرُ  Артқа қоюшы.
  73. Әл-Әууәл  الأوَّلُ  Ең бірінші.
  74. Әл-Ахир الآخِرُ  Ең соңғы.
  75. Аз-Заһир  الظَّاهِرُ  Айқын, Бәрінен жоғары тұрушы.
  76. Әл-Батин  البَاطِنُ  Жасырын, Барлық нәрсені қамтушы.
  77. Әл-Уаали  الوَالِي  Әмірші.
  78. Әл-Мутәәли  المُتَعَالِي  Бәрінен Биік.
  79. Әл-Барр  البَرُّ  Ізгі, күллі игіліктің, жомарттықтың Иесі.
  80. Әт-Тәууәб  التَّوَّابُ  Тәубені тез қабыл алушы.
  81. Әл-Мунтәқим  المُنْتَقِمُ  Кек қайтарушы.
  82. Әл-Афуу  العَفُوُّ  Ғафу Иесі, Кешірімді.
  83. Ар-Раууф  الرَّءُوفُ  Мейірбан.
  84. Мәликул-мулк مَالِكُ المُلْكِ  Патшалықтардың, Биліктің Патшасы, Иесі.
  85. Зул-жәләли уал-икрам ذُوالجَلاَلِ وَالإكْرَامِ Ұлылық пен Жомарттықтың Иесі.
  86. Әл-Муқсит  المُقْسِطُ  Әділетті.
  87. Әл-Жамиғ  الجَامِعُ  Жинаушы.
  88. Әл-Ғани  الغَنِيُّ  Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес.
  89. Әл-Муғни  المُغْنِي  Байытушы.
  90. Әл-Маниғ  المَانِعُ  Тыйым салушы, Тоқтатушы.
  91. Ад-Дарр الضَّارُّ  Зияндық беруші.
  92. Ән-Нафиғ  النَّافِعُ  Пайда беруші.
  93. Ән-Нур  النُّورُ  Нұр, нұрландырушы.
  94. Әл-Һәди  الهَادِي  Туралыққа бастаушы.
  95. Әл-Бәдиғ  البَدِيعُ  Көркем Жаратушы.
  96. Әл-Бақи  البَاقِي  Мәңгі қалушы.
  97. Әл-Уарис الوَارِثُ   Мирасқор.
  98. Ар-Рашид الرَّشِيدُ Туралыққа Нұсқаушы.
  99. Ас-Сабурالصَّبُورُ  Аса сабырлы.