/>
Таң 06:53 Күн 08:16 Бесін 12:51 Екінті 15:39 Шам 17:21 Құптан 18:44

ДІН ДЕГЕН НЕ?

27/05/2017 168153 4 Muftyat.kz

Дін – ақыл-есі дұрыс, өз еркімен иман келтірген адамдарды дүние және ақыретте игілік пен бақытқа жеткізетін иләһи (тәңірлік) заң.

Діндер негізінен үшке бөлінеді:

1) Хақ дін

Алладан пайғамбарлар арқылы ешқандай өзгеріске ұшырамастан және бұзылып, бұрмаланбастан қазірге дейін жеткен дін. Бұл ерек-шеліктер мен қасиеттерді өз бойына сіңірген дін – Ислам діні.

2) Мұхарраф діндер

(бұрмаланған діндер). Алладан пайғамбарлар арқылы жеткенмен кейіннен адамдар өзгертіп, негізі бұрмаланған діндер.

3) Батил діндер (жалған).

Адамдар ойдан шығарған діндер. Бұл діндердің пайғамбарлар арқылы келген діндермен ешқандай қатысы жоқ.

ДІНДЕР АРАСЫНДА ИСЛАМНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Жер бетіндегі ең алғашқы адам хазірет Адам (алейһиссәләм) – алғашқы пайғамбар. Адамзаттың алғашқы діні – хақ дін. Хазірет Адамнан Исаға дейін келген барлық пайғамбарлар адамдарға Алланың бір екендігін баяндаған және қалай ғибадат ету керектігін үйреткен. Бірақ бұл пайғамбарлар жеткізген иман негіздері мен діни қағидалар уақыт өткен сайын бұрмаланып, түпнұсқалары жойылған.

Осыған байланысты Алла соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммед (с.а.у.) арқылы бүкіл адамзатқа соңғы әрі ең кемел Ислам дінін жіберген. Қазіргі таңда дүние жүзіндегі шынайы, ақиқат дін – Ислам діні. Жалған діндердің Алла алдында ешқандай құны жоқ. Алла алдында таңдалған әрі қабыл көретін дін– Ислам.

Бұл ақиқат Құран Кәрімде былай баяндалады:

“Алланың құзырындағы дін күмәнсіз Ислам діні”[1]

“Кімде-кім Исламнан басқа дін іздесе, әсте қабылданбайды, ол ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады”[2]

 


[1] (Әли Имран сүресі, 19-аят).

[2] (Әли Имран сүресі, 85-аят).

Пікірлер