/>
Таң 04:30 Күн 05:55 Бесін 13:00 Екінті 17:54 Шам 19:57 Құптан 21:22

ИСЛАМ ДІНІНІҢ МАҚСАТЫ

23/05/2017 135931 0 Muftyat.kz

Ислам дінінің үкімдері адамдардың бақытын көздейді. Бұл үкім-дерді орындап, соған сай амал жасағандар бұл дүниеде де, ақыретте де бақытқа кенеледі.

Ислам дінінің үкімдері үшке бөлінеді:

1) Иман: Адам иман негіздеріне сену арқылы рухани нәр алып, жүрегін қате әрі жалған сенімдерден тазартады.

2) Амал: Амал – адамдардың жасаған іс-әрекеттері. Амалға байланысты үкімдер екіге бөлінеді:

а) Алла алдындағы ғибадат ету міндеті;

ә) Адамдардың өзара қарым-қатынасын реттейтін үкімдер.

3) Ахлақ: (адамгершілік, көркем мінез-құлық). Адамдарға қатысты ой-пікіріміз бен қимыл-әрекетімізді реттеп отыратын үкімдер.