/>
Таң 04:30 Күн 05:55 Бесін 13:00 Екінті 17:54 Шам 19:57 Құптан 21:22

ИСЛАМ ДІНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

23/05/2017 88509 0 Muftyat.kz

ИСЛАМ ДІНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1) Ислам – ең соңғы дін. Ислам дінінен басқа дін келмейді, үкімдері қиямет күніне дейін жалғасады. Ислам дінін адамдарға жеткізіп, уағыздаған хазірет Мұхаммед (с.а.у.) соңғы пайғамбар. Одан кейін пайғамбар келмейді.

2) Ислам – әлемдік дін. Бұрынғы пайғамбарлар жеткізіп, насихаттаған діндер тек қана белгілі бір ұлтқа, халыққа келсе, Ислам діні бүкіл адамзатқа жіберілген.

3) Ислам дінінің үкімдері барлық адамзаттың қажеттіліктерін қамтамасыз ететіндей жан-жақты әрі толық. Сондықтан басқа сенімдерге қажеттілік туындамайды.

4) Ислам діні бұрынғы Алла тарапынан келген пайғамбарларды және киелі кітаптарды толықтырады, мойындайды.

5) Ислам діні бұрынғы пайғамбарлар насихаттаған дін үкімдерінің күшін жойған. Өйткені, олар белгілі бір халыққа әрі белгілі бір уақытқа жіберілген. Ал Ислам діні болса, барлық адамзатқа жіберілген әрі қи-ямет күніне дейін өзгермей жалғасатын дін.

ИСЛАМ ДІНІНІҢ ӘЛЕМДІК ДІН РЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ислам дінінің әлемдік дін болуында көптеген ерекшеліктер бар. Олардың кейбірі мыналар:

1. Ислам – бүкіл адамзатқа жіберілген ең соңғы дін

Ислам – бүкіл адамзатқа Алла жіберген әрі қияметке дейін жалға-сатын соңғы дін. Сондай-ақ пайғамбарымыз Ислам дінін жер жүзін-дегі барлық халыққа жеткізу мақсатымен сол кездегі мемлекеттердің билеушілеріне, басшыларына хат жолдай отырып, оларды Ислам дінін қабылдауға шақырған.

2. Ислам – ақыл-ой мен ғылым діні

Ислам діні ақылға ерекше мән бере отырып, діни құлшылықтарды дұрыс орындау үшін ақылды болуды талап етеді. Білімге үлкен мән берген дініміз әрдайым оқуды, үйренуді бұйырған. Ілім үйренудің әр-бір мұсылман үшін парыз екендігін білдірген.

3. Ислам – әрі дүние, әрі ақырет діні

Ислам дінінің көздеген мақсаты – адам баласының бұл дүниеде де, мәңгілік ақыретте де бақытты болуы. Дініміз бұл дүниенің ақырына дейін адамдардың әрдайым бақытты болуын және қоғамның дамуын қамтамасыз ете отырып, жеке-жеке адамдардың да, қоғамның да қа-жеттіліктеріне жауап бере алатын талаптар қойып, дүниеде де, ақырет-те де бақытқа кенелудің жолдарын көрсеткен.

Бұл жөніндегі ислам қағидасының мазмұны мынадай: “Еш өлмей-тіндей дүние үшін, ертең өлетіндей ақырет үшін еңбек ет”.

4. Ислам – жеңілдік діні

Ислам дінінде қиыншылық жоқ, жеңілдік бар. Дініміздің бұйрықтары бізді кемелдендіріп, одан да жоғары өмірге даярлауға бағытталған. Ғибадаттарды орындау барысында шамамызға қарай көптеген жеңіл-діктер қарастырылған.

Мысалы: жолаушы төрт рәкағат намазын екі рәкағат қылып оқиды. Намазды түрегеп тұрып оқи алмағандар отырып оқиды. Рамазан айын-да ораза ұстауға шамасы жетпеген науқастар сауыққаннан кейін ұстай-ды. Сауығудан үміті жоқ науқастар және ораза ұстауға шамасы келмей-тін қарт-қариялар ұстай алмаған оразасының орнын кедей-кепшіктерге фидия беру арқылы толтырады. Адамның шамасы мен қажеттіліктері назарға алынып қиын жағдайларда дінімізде бұдан басқа да көптеген жеңілдіктер берілген. Міне, осы себепті Ислам дінінің үкімдері әрдай-ым және әр жерде орындауға болатын ерекшелікке ие.

5. Ислам дінінде шектен шығу жоқ

Ислам дінінің үкімдері адамның ақылына және жаратылысына сай. Біздің міндетіміз соларды орындау ғана.

Орындалуы талап етілмеген жағдайда дінді берік ұстаймын деп шектен шығуға болмайды. Дүниедегі адал нығметтерден бас тартып, қиналып өмір кешу исламда жоқ.

6. Ислам – бейбітшілік пен сүйіспеншілік діні

Исламның тағы бір мақсаты: адамзатқа деген сүйіспеншілік, адам құқығына құрмет етуді жүрекке орнықтыру арқылы қоғамдағы бейбіт-шілік пен тыныштықты сақтау. Дініміз бұл мақсатта көптеген қағидалар қойған. Бір-бірімізді сыйлау, басқалардың құқығына құрмет көрсету нағыз мұсылман болудың шарты.