/>
Таң 03:42 Күн 05:19 Бесін 12:52 Екінті 18:04 Шам 20:19 Құптан 21:57

СЕНІМ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ АДАМДАР

24/05/2017 57360 0 Muftyat.kz

СЕНІМ ТҰРҒЫСЫНДАҒЫ АДАМДАР

Адамдар сенім тұрғысынан үшке бөлінеді:

Мүмин: Алланың бар әрі бір екендігіне, Хазірет Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екендігіне шын жүректен сенген және бұл сенімін тілімен жеткізген адамдар “мүмин” деп аталады.

Мұнафық: Алланың барлығы мен бірлігіне, Хазірет Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбар екендігіне жүрегімен сенбесе де тілімен сенетіндік-терін айтатын адамдар “мұнафық” (екі жүзді) деп аталады.

Кәпір: Алланың бар екендігіне және Хазірет Мұхаммедтің (с.а.у.) пайғамбарлығына жүрегімен сенбейтін, сенбейтіндігін тілімен айтатын адамдар “кәпір” деп аталады.

Мүминдер жәннатта (пейіште) шексіз әрі бақытты өмірге қол жеткізеді, ал мұнафықтар мен кәпірлер сенбегендіктерінің жазасын тозақта тартады.