/>
Таң 03:42 Күн 05:19 Бесін 12:52 Екінті 18:04 Шам 20:19 Құптан 21:57

ИМАННЫҢ АДАМҒА БЕРЕТІН БАҚЫТЫ

24/05/2017 95553 1 Muftyat.kz

Адам – тән мен жаннан тұратын тіршілік иесі. Тәніміз ішіп-жеуді қалай қажет етсе, жанымыз да рухани қоректі солай керек етеді.

Жанның маңызды азығы – берік сенім. Аллаға сенген және сенім артқан адам рухани азықтанып, үлкен күшке ие болады. Өйткені, адам баласы әрдайым Алланың жәрдеміне мұқтаж. Ұлы Жаратушыға мұқтаж болғандықтан оған сеніп, мойынсұну – бақыттың, рахат өмірдің қайнар көзі.

Алла Тағала былай дейді:

“Абайлаңдар, жүректер Алланы еске алумен ғана жай табады”[1]

Иман адамды жалғыздықтан, бағдарсыздықтан құтқарады. Иман – рухымыздың азығы, жүрегіміздің нұры. Имансыз адамның рухы қо-рексіз, жүрегі қараңғылықта болып, сүйеніштен қол үзеді.

Өмірде адам баласы әртүрлі қиындықтарға кездеседі. Сондай кезде шын иманды адамдар үмітсіздікке бой алдырмайды, Аллаға жалбары-нып, паналайды. Оған арқа сүйеп, сеніп, сабырмен істің соңын күтеді. Мұндай құдіретті досқа сүйіпеншілікпен және құрметпен берілу адам-ды бақытқа бөлейді.

Иманнан жұрдайлар үмітсіздікке бой алдырады. Мазасыздықтан арылмайды. Қиыншылықтан, қайғыдан құтылудың жолын ішімдік-тен немесе есірткі сияқты заттардан іздейді. Сөйтіп, одан бетер бәлеге ұшырайды. Ақырет бақытынан әрі дүние бақытынан осылай айырылады.

 


[1] Рағыд сүресі, 28-аят

Пікірлер