/>
Таң 06:22 Күн 07:38 Бесін 13:09 Екінті 16:50 Шам 18:35 Құптан 19:50

ИМАННЫҢ ШЫНАЙЫЛЫҒЫ МЕН ҚАБЫЛ БОЛУЫНЫҢ ШАРТТАРЫ

24/05/2017 87816 0 Muftyat.kz

Иманның дұрыс әрі қабыл болуының үш шарты бар:

1) Иман үмітсіздік кезінде болмауы керек. Әуелде иман келтірмеген жанның дүниеден өтіп бара жатқан кезде азапты көріп, иман етуінің еш пайдасы жоқ.

2) Мұсылман адам діни үкімдерді жоққа шығаратын сөздер мен іс-әрекеттерді жасамауы керек. Мысалы: Діннің барлық үкім-деріне сеніп, бірақ намазды мойындамайтын болса, ол адам иманнан айрылды деген сөз. Өйткені, дінімізде сену керек нәрселер бір бүтін, оны бөліп-жаруға болмайды. Бұлардың бірін мойындамау – бәрін мойындамаумен бірдей.

3) Діни үкімдердің барлығының жақсы екендігін мойындау керек. Діни үкімдердің кез келген бірін ұнатпау иманның жоғалуына әкеп соғады.

Мұсылман үшін ең қымбат нәрсе – иман. Адам дүниеде рахат өмір мен бақытқа, ақыретте мәңгі, баянды өмірге иман арқылы жете алады.

Тек қана ақтық деміне дейін иманын сақтап, ақыретке сол иманмен (сенімімен) кетуі шарт.

Ал иманын өмірінің ақырына дейін сақтай алмаған, дүниеден имансыз өткен адамға әуелдегі иманының ешқандай пайдасы жоқ. Сондықтан, иманымызды қорғайық, дінімізге зиян келтіретін (кесірі тиетін) сөздер мен іс-әрекеттерден аулақ болуымыз керек. Егер има-нымызға нұқсан келтіретін сөздер мен іс-әрекеттер орын алса, сол сәт-те-ақ тәубеге келіп, Алладан кешірім сұрауымыз керек.