/>
Таң 05:20 Күн 06:36 Бесін 12:48 Екінті 17:04 Шам 18:53 Құптан 20:09

ҚҰРАН КӘРІМ АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТІМІЗ

24/05/2017 224419 0 Muftyat.kz

ҚҰРАН КӘРІМ АЛДЫНДАҒЫ МІНДЕТІМІЗ

1) Әрбір мұсылман Құран Кәрімнің Алла Тағаланың сөзі екенін біліп, оны тәжуид қағидаларына сәйкес қатесіз оқуы қажет.

2) Құран Кәрімді дәрет алғанан кейін ғана қолға алып, оқырда “Әғузу, бисмілләмен” бастауы керек. Құран оқығанда мүмкіндігінше құбыланы бетке алып, ерекше әдептілікпен, құрметтеп, мағынасын түсінуге тырысқан жөн.

3) Құран Кәрім таза жерлерде оқылады. Басқа істермен шұғылданып жатқан, Құранды тыңдамайтын кісілердің жанында немесе лас жерлерде Құран оқылмайды.

4) Біреудің оқып жатқан Құранын құрметпен тыңдау қажет.

5) Құран Кәрім кітабы биік әрі таза орынға қойылуы керек. Оны төмен, лас жерлерге қоюға болмайды.

6) Құран Кәрімнің әмірлерін орындап, тыйым салған істерінен сақтанып, Құранның ахлақ қағидаларына сай әрекет ету қажет.

 

ҚҰРАН ОҚУДЫҢ ИГІЛІГІ ЖАЙЫНДА ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ҚАСИЕТТІ СӨЗДЕРІ

“Сіздердің ең қайырылыларыңыз (жақсыларыңыз) – Құранды үйреніп әрі басқаларға үйреткендеріңіз”;

“Кімде-кім Алланың кітабы Құраннан бір әріп оқыса, оған бір сауап беріледі. Әр сауаптың сыйы ретінде он есе тағы сауап жазылады”;

“Кімде-кім Алланың кітабы Құраннан бір аят тыңдаса, оған еселеп сауап жазылады. Кімде-кім Құраннан бір аят оқыса, қиямет күні өзіне нұр болады”

“Құран оқыңыздар. Өйткені Ол қиямет күні оқығандарға шапағат етеді”;

“Кімде-кім Құран Кәрімді оқып, онымен амал ететін болса, қиямет күні ата-анасының басына тәж кигізіледі, нұры дүниедегі күн сәулесінен де жарық болады. Енді сіздер Құранмен амал еткендердің сауаптарын өздеріңіз есептеңіздер”.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әбу Зәрге былай дейді:

“Таңертең үйден шығып Алланың кітабы Құраннан бір аят үйренуің сен үшін жүз рәкағат (нәпіл) намаздан да қайырлы”.

“Кімде-кім Құранды оқып оны жаттаса, халалын халал, харамын харам деп таныса, нәтижеде Алла оған жәннаттан орын беріп, туған-туысқандарынан жәһәннамдық болған он адамға оны шапағатшы етеді”.[1]

 


[1] Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб 2 том, 342-бет.