/>
Таң 04:30 Күн 05:55 Бесін 13:00 Екінті 17:54 Шам 19:57 Құптан 21:22

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ ЖӘНЕ ПАЙҒАМБАРЛАРҒА ҚАЖЕТТІЛІК

24/05/2017 49249 0 Muftyat.kz

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ ЖӘНЕ ПАЙҒАМБАРЛАРҒА ҚАЖЕТТІЛІК

Иманның алты шартының төртіншісі пайғамбарларға иман келтіру. Пайғамбарлық – Алла мен адамдар арасындағы елшілік міндеті. Алла лайықты деген сүйікті құлдарын пайғамбар етіп таңдайды. Пайғамбарлар адамдарға дұрыс жол көрсетуші ретінде жіберіледі. Адамзат осындай дұрыс жол көрсетушілерге мұқтаж.

Өйткені, адамдар өз ақылымен Жаратушының бар екендігін білсе де, Алланың ұлы сипаттарын түсіне алмайды. Аллаға қалай құлшылық ету керектігін, о дүниені және сол жерде кімдерге сыйсыяпат берілетіндігін, кімдердің жазаға тартылатындығын, дүние мен ақыретте бақытқа қалай қол жеткізу жолын біле алмайды.

Бұл ақиқаттарды адам баласына үйрету, дүние мен ақыретте бақытқа жетудің жолдарын көрсету үшін Алла Тағала пайғамбарлар жіберген.