/>
Таң 04:30 Күн 05:55 Бесін 13:00 Екінті 17:54 Шам 19:57 Құптан 21:22

ПАЙҒАМБАРЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

24/05/2017 177518 0 Muftyat.kz

ПАЙҒАМБАРЛАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ

Пайғамбарлар адам баласына Алланы танытып, иман негіздері мен ғибадатты қалай жасау керектігін үйреткен. Діни үкімдер мен әдептілік қағидаларын түсіндіріп, өздері де айтқандарын орындап, адамзатқа үлгі-өнеге болған.

Пайғамбарлар қандай қиыншылықтарға тап келсе де өз міндеттерін орындап, иман келтірмегендерге пайғамбар екендіктерін дәлелдеу үшін ешкімнің қолынан келмейтін таңғажайып жағдайларды жасап, мұғжизалар көрсеткен. Алланың бұйрықтарын орындағандарды жәннатпен сүйіншілеген, бұйрықтарына бойұсынбағандарды тозақ аза-бымен жазалайтындығын хабарлаған.

Пайғамбарлар – Алланың адамдар арасынан таңдап алған, барша көркем мінез бен ахлаққа ие болған дара тұлғалар.

Пайғамбарларда болуы шарт сипаттар:

1) Сыдық: Шыншыл дегенді білдіреді. Пайғамбарлар ерекше шын-шыл адамдар. Ешқашан жалған сөйлемейді. Болды дегендері болған, болады дегендері уақыты келгенде жүзеге асқан.

2) Аманат: Сенімді дегенді білдіреді. Пайғамбарлар әр қырынан сенімді тұлғалар. Аманатқа ешқашан қиянат жасамайды.

3) Фәтанат: Ақылды әрі парасатты дегенді білдіреді. Пайғамбарлар ақылды, парасатты, ерекше зерек тұлғалар.

4) Исмәт: Күнәдан аулақ болу дегенді білдіреді. Пайғамбарлар жасырын яки ашық түрде күнә істемейді.

5) Тәблиғ: Жеткізу, уағыздау дегенді білдіреді. Пайғамбарлар Алладан алған діни үкімдерді сол қалпында еш өзгертпестен адамдарға жеткізіп, уағыздаған.