/>
Таң 03:42 Күн 05:19 Бесін 12:52 Екінті 18:04 Шам 20:19 Құптан 21:57

ҚҰРАН КӘРІМДЕ АТЫ АТАЛҒАН ПАЙҒАМБАРЛАР

24/05/2017 147476 0 Muftyat.kz

ҚҰРАН КӘРІМДЕ АТЫ АТАЛҒАН ПАЙҒАМБАРЛАР

Алғашқы пайғамбар – Хазірет Адам (алейһиссәләм), соңғы пайғамбар – Мұхаммед (с.а.у.). Бұл екеуінің арасында көптеген пайғамбарлар келген. Құран Кәрімде пайғамбарлардың жиырма бесінің есімі аталады. Бірақ жалпы саны одан да көп. Біз Құран Кәрімде аты аталған пай-ғамбарлармен қатар саны тек қана Аллаға мәлім басқа пайғамбарларға да ешқандай бөліп-жармай сенеміз.

Құран Кәрімде аты аталған пайғамбарлар мыналар:

  1. Адам, 2. Ыдырыс, 3. Нұх, 4. Һұд, 5. Салих, 6. Лұт, 7. Ибраһим, 8. Исмайыл, 9. Ысқақ, 10. Яқуб, 11. Юсуф, 12. Шұғайып, 13. Һарун, 14. Мұса, 15. Дәуіт, 16. Сүлеймен, 17. Әйюб, 18. Зулкифил, 19. Юнус, 20. Ілияс, 21. Әлясағ, 22. Зәкәрия, 23. Яхия, 24. Иса. 25. Мұхаммед (с.а.у.).