/>
Таң 03:42 Күн 05:19 Бесін 12:52 Екінті 18:04 Шам 20:19 Құптан 21:57

ПАЙҒАМБАРЛАР ЖЕТКІЗГЕН ДІНДЕРДЕГІ ОРТАҚ НЕГІЗДЕР ЖӘНЕ МҰҒЖИЗА

24/05/2017 41082 1 Muftyat.kz

ПАЙҒАМБАРЛАР ЖЕТКІЗГЕН ДІНДЕРДЕГІ ОРТАҚ НЕГІЗДЕР

Барлық пайғамбарларға Алла тарапынан келген дін – хақ.

Хақ діндердің ешқандай өзгермейтін негіздері бар. Олар:

1) Иман негіздері

2) Ғибадаттар

3) Ахлақи (этикалық) қағиадалар.

Уақыт өте келе адамдардың жағдайы мен қажеттіліктеріне байланысты кейбір діни үкімдер мен ғибадат түрлері өзгерген. Пайғамбарымыз Хазірет Мұхаммедтің (с.а.у.) келуімен тәмәмдалып, кемелденген.

МҰҒЖИЗА ЖӘНЕ КЕРЕМЕТ ДЕГЕН НЕ?

Мұғжиза: Пайғамбарлардың пайғамбар екендігін дәлелдеу үшін Алланың жәрдемімен көрсеткен таңғажайып істері. Мұғжизалар – пайғамбарлықтың  құжаты. Пайғамбарлық міндетіне сай көрініс береді. Қарапайым адамдар мұндай таңғажайып нәрселерді жасай алмайды, мұғжиза көрсете алмайды, оған күштері жетпейді.

Мұғжиза көрсету – пайғамбарларға тән. Алланың қалауы әрі құдіретімен іске асады Барлық пайғамбарлар пайғамбар екендігін дәлелдеу үшін мұғжиза көрсеткен, иман келтірмегендерді осылайша әлсіздіктерін мойын-датқан.

Керемет: Алланың жәрдемімен әулиелер көрсететін таңғажайып оқиғалар. Мұндай таңғажайып оқиғалар Алланың әулие құлдары үшін керемет, ал пайғамбарлары үшін мұғжиза деп аталады.

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ МҰҒЖИЗАЛАРЫ

Пайғамбарымыз Хазірет Мұхаммед (с.а.у.) Алла тарапынан пайғамбар ретінде жіберілгенін дәлелдеу мақсатында көптеген мұғжиза көрсеткен.

Олардың кейбірі мыналар:

а) Бір күні екінті намазы жақындап қалған кезде, пайғамбарымыз дәрет алу үшін су таба алмайды. Сахабалары оған аз ғана суы бар бір ыдыс алып келеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ыдыстың ішіндегі суға қолын тигізгенде, саусақтарының арасынан су тамшылай бастайды. Сол жердегі үш жүзге жуық жамағат осы сумен дәрет алғанға дейін таусылмайды.

ә) Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мәдина қаласындағы мешітте құрма ағашының дөңбегіне шығып жамағатқа үгіт-насихат жүргізетін. Мұ-сылмандардың саны көбейгеннен кейін биіктеу бір жерден насихат жүргізу үшін үш сатылы мінбер жасатқызады. Жұма күні құтпаны сол мінберден оқи бастаған кезде, мешіттің екінші басындағы құрма ағашының дөңбегі пайғамбарымыздан жырақ қалғандықтан бота-сынан айырылған түйе сияқты боздағаны естіледі. Мұны көрген пай-ғамбарымыз мінберден түсіп, дөңбекті құшақтап, сипайды; сол кезде жылағаны сап тыйылады.

б) Пайғамбарымыз хижреттен бір жарым жыл бұрын бір күні түнде “Пырақ” деген атқа мініп, Меккедегі Харам Мешітінен Құдыстағы Ақса Мешітіне жетіп, ол жерден Жәбірейілмен (а.с.) бірге көкке кө-терілген. Алланың шақыруымен пайғамбарымыз жасаған мұндай сапар әлемде бұрын-соңды болмаған оқиға және өте қысқа уақыт ішінде жүзеге асқан. Алланың шексіз құдіретінің айғағы болған осы оқиға пайғамбарымыздың “Исра мен Миғраж” мұғжизасы деп аталады.

в) Пайғамбарымыздың ұлы әрі мәңгілік мұғжизасы – Құран Кәрім. Рухты шаттыққа бөлеп, оқылуы көңілге тыныштық сыйлап, ұшан-теңіз хикметтерге толы мағыналары, адамзаттың бақыты үшін өшпейтін қағидалары, әр ғасырға нұр шашқан ғылыми ақиқаттары арқылы Құран Кәрім теңдесі жоқ мұғжиза.

Пікірлер

Нұрлан | 21/01/2018

Ассалаумағалайкум! Соңғы Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.у. алдында келген барлық пайғамбарлар мұсылман болып келген ба? Адам ата қабырғасынан Хауа ана жаралса... Екеуінің қан құрамы бірдей болады сонда қалай сау балалар туылған дейді бір жолдас бала. Нақты ғылыми дәлелмен жауап берсеңіздер.