/>
Таң 05:50 Күн 07:05 Бесін 12:41 Екінті 16:26 Шам 18:10 Құптан 19:25

ХАЗІРЕТ МҰХАММЕДТІҢ (ﷺ) СОҢҒЫ ПАЙҒАМБАР БОЛУЫ

24/05/2017 102175 0 Muftyat.kz

Алла Тағала былай дейді:

“Ол –Алланың елшісі және пайғамбарлардың соңғысы”[1]

Пайғамбарлардың ұлысы әрі соңғысы біздің пайғамбарымыз – Хазірет Мұхаммед (с.а.у.).

Ол жеткізген Ислам діні – соңғы дін. Алла тарапынан түсірілген Құран Кәрім бүкіл адамзатқа арналған Алланың соңғы кітабы.

Хазірет Мұхаммедтің (с.а.у.) келуімен пайғамбарлық есігі жабылды. Ол әлемдегі барлық ұлттың, барлық халықтың пайғамбары. Бұл ақиқат Құран Кәрімде анық баяндалған.

Бұрынғы пайғамбарлар белгілі бір қауымға жіберілген еді. Олар бір ғана үйдің ішіне жарық шашатын шыраққа ұқсайды. Ал, күллі адамзатқа жіберілген біздің пайғамбарымыз болса, бүкіл әлемге сәулесін төгіп, нұрын шашып тұратын күн сияқты. Күн шыққаннан кейін шы-рақтарға қажеттілік қалмаған.

 


[1] Ахзаб сүресі 40-аят.