/>
Таң 05:50 Күн 07:05 Бесін 12:41 Екінті 16:26 Шам 18:10 Құптан 19:25

ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (ﷺ) ЖАЙЫНДА АЙТЫЛҒАН СӨЗДЕР

24/05/2017 100731 0 Muftyat.kz

“Адамзат тарихының ұлы тұлғасы Хазірет Мұхаммед”.

Михайл Х.Харт деген американдық ғалым “Адамзат тарихының ең ықпалды 100 адамы” деген тарихи зерттеуінде тарихта және бүгінгі таңда ең көп ықпал еткен ұлы 100 адамның арасында Хазірет Мұхаммедтің (с.а.у.) әлемдегі теңдессіз ұлы тұлға екенін жазған.

Американдық ғалым  жазған бұл кітап 1978 жылы Қазан айында басылып шықты. Әрі үлкен қолдау тапты. Кітаптың авторы профессор, доктор Михайл Х.Харт еңбегінде Хазірет Мұхаммедтің (с.а.у.) ұлы тұлға екендігін былай дәлелдеген:

“Әлемдегі ең ықпалды, ұлы тұлғалардың тізімінің басына Хазірет Мұхаммедті таңдағаным кейбір оқырмандарды таң қалдыруы, кей-біреулердің сұрақ сұрауына да жол ашуы мүмкін. Бірақ Хазірет Мұ-хаммед (с.а.у.) тарихта діни және дүниелік тұрғыдан зор табыстарға жеткен бірден-бір тұлға”.

Сүйікті пайғамбарымызға үлкен құрметпен қараған неміс зиялысы Пренс Бисмарк былай дейді:

“Мен сенімен замандас болмағаным үшін қатты өкінемін, уа, Мұхаммед! Адамзат сен сияқты ерекше жанды бір-ақ рет көрді, бұдан кейін енді мүлде көрмейді. Мен сенің айбынды тұлғаңның алдында үлкен құрметпен бас иемін”.

Француз философы Алекси Ливазон былай дейді:

“Адамдарға тура жол көрсету үшін Хазірет Мұхаммедке түскен Құран – данышпандыққа толы құнды кітап. Хазірет Мұхаммедтің шынайы пайғамбар екендігі күмәнсіз”.

Атақты Толстой былай дейді:

“Пайғамбар Хазірет Мұхаммед (с.а.у.) – ұлы реформатор. Адамзатқа өте үлкен қызмет көрсеткен. Үмбетін хақ нұрына қауыштырды. Оған осы құрмет пен атақ жеткілікті. Үмбетін қан төкпестен қорғады, табысқа жеткізді. Оларға алға ілгерілеудің, дамудың жолын ашты. Ол сияқты ұлы адам қандай құрметке болса да лайық”.