/>
Таң 03:42 Күн 05:19 Бесін 12:52 Екінті 18:04 Шам 20:19 Құптан 21:57

ӨЛІМ

24/05/2017 107634 0 Muftyat.kz

ӨЛІМ                                                

Әр адамның өмір сүретін белгілі бір уақыты бар. Бұл уақыт бітісімен адам қайтыс болады. Адам – дене мен жанның бірлесуінен пайда болған тіршілік иесі. Денемізді жандандырып, әрекетке келтіріп отыратын нәрсе – рух. Алланың белгілеген күні келген кезде рух денеден айырылады. Рухтың денеден ажырауын “өлім” деп атайды. Өлім – әр адамның тағдырына жазылған. Одан құтылу жоқ.

Бұл ақиқат Құран Кәрімде былай баяндалады:

“Әрбір тірішілік иесі өлімді татады”[1]

“Қай жерде болсаңдар да, тіпті берік қорғанның ішінде болсаңдар да өлім сендерге жетеді”[2]

Өлім – жоқ болу дегенді білдірмейді. Өткінші дүние өмірінен мәңгі өмірге өту дегенді білдіреді.

Алла алдындағы міндетін атқарғандарға өлім – бұдан да жоғары өмірге қауышу үшін ашылатын есік

 


[1] Әли Имран сүресі 185-аят

[2] Ниса сүресі 78-аят