/>
Таң 06:22 Күн 07:38 Бесін 13:09 Екінті 16:50 Шам 18:35 Құптан 19:50

ҚАБІР

24/05/2017 28719 0 Muftyat.kz

ҚАБІР

Адамның өлімінен қиямет күні қайтадан тірілуіне дейінгі уақыты “қабір өмірі” деп аталады. Осы уақыт арлығында болатын орнын “қабір” дейді. Адам өлген кезде денесі шіриді, топыраққа сіңіп кетеді, бірақ денеден ажыраған рух өлмейді, адам қабірге қойылған кезде Мүңкәр және Нәкір деген періштелер оны сұраққа тартады. Сұрақтарға дұрыс жауап бергендер үшін қабір тынығу орны, ал жауап бере алмағандар үшін азап мекені болады.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) қабірдің жағдайын былайша суреттейді:

Қабір – не жәннат бақшаларының бір бақшасы, не болмаса жәһаннам (тозақ) шұңқырларының бір шұңқыры[1]

Қабір – Алла алдындағы өз міндетін орындаған, өзгелерге ізгілік еткен кісілер тынығып, рахат көретін жәннат бақшаларының бірі, ал өз міндетін орындамаған пенделер үшін азап тартатын жәһаннам шұңқыры болмақ.

 


[1] Кәшфул хафа ІІ том, 90 бет.