/>
Таң 03:42 Күн 05:19 Бесін 12:52 Екінті 18:04 Шам 20:19 Құптан 21:57

ҚИЯМЕТ

24/05/2017 68184 0 Muftyat.kz

ҚИЯМЕТ

Бұдан бұрын айтып өткеніміздей, Алла Тағаланың белгілеген уақыты келген кезде төрт ұлы періштенің бірі Исрафил “Сур” деп аталатын аспапты үрлейді. Одан өте үрейлі дауыс шығады, осы дауыстың әсерінен барлық тіршілік иелері өледі және әлемде орасан зор өзгерістер болады.

Бұл оқиға былай болмақ:

Көк жарылып, жер жүзін нұрландырып тұрған Күн түріліп, сәулесін жоғалтады, туған сайын көк жүзіне көрік беріп түнімізді жарықтандыратын Ай тұтылып, Күнмен бірлеседі.

Көкте жарқыраған жарық жұлдыздар сөніп, бұршақ сияқты жауады, жер жүзі күшті жер сілкіністен шайқалып, теңіздер қайнайды. Таулар орнынан төңкеріліп, тозаңдай шашылады. Қысқасы, әлемнің қазіргі жүйесі бұзылып, жер мен көк басқаша түрге енеді.

Бұл ұлы оқиға “Қиямет” деп аталады. Қияметтің қашан болатынын бір Жаратушы ие ғана біледі.