/>
Таң 04:30 Күн 05:55 Бесін 13:00 Екінті 17:54 Шам 19:57 Құптан 21:22

АЖАЛ

24/05/2017 67663 0 Muftyat.kz

АЖАЛ

Жоқтан бар етіп, адамға өмір сыйлаған Алла оның қаншалықты өмір сүретінін де жазып қойған. Өмір – адамның туғанынан өлгеніне дейін өтетін шектеулі уақыт. Ажал – адамның дәм-тұзы бітіп, дүниедегі өмірінің аяқталған уақыты.

Әр адамның қаншалықты өмір сүретінін, қашан, қай жерде және қалай өлетінін Алла жазып қойған. Өлім себептері қандай болмасын, ажал біреу, еш уақытта өзгермейді. “Ажал” деген белгіленген уақыт келген кезде адам өледі. Ажалдың еш өзгермейтінін Алла Құран Кәрімде баяндаған:

“Ал енді олардың ажалы келгенде, оны бір сәтке кешіктіре де, ілгеріге де ала алмайды”[1]

Бізге жүктелген міндет – денсаулығымызды сақтап, өмірімізге қауіп төндіретін нәрселерден сақтанып, шектеулі уақытымызды босқа өткізбей, ешқашан өлмейтіндей бұл дүние үшін, ертең өлетіндей ақы-рет үшін еңбектену.

Адам өмірінің қашан бітетінін, ажалының қашан келетінін біле алмағандықтан, міндеттерін уақытында орындап, келер күнге қалдырмауы керек.

 


[1] Нахыл сүресі, 61-аят).