Таң 03:07 Күн 04:52 Бесін 12:17 Екінті 17:18 Ақшам 19:33 Құптан 21:19

احلاق دەگەن نە?

04/04/2019

АХЛАҚ ДЕГЕН НЕ?

Ахлақ – адамның жан-дүниесінде қалыптасқан әдеттер. Бұл әдеттер көбіне іс-әрекетімізден көрініс береді.

Жан-дүниемізде қалыптасқан әдеттер екіге бөлінеді:

1) Жақсы әдеттер

2) Жаман әдеттер

Дене мүшелеріміздің іс-әрекеті жан-дүниемізбен тікелей байланысты. Болмысымызда жақсы әдеттер орын алса, қылықтарымыз жақсарады, бұлар көркем ахлақ деп аталады. Ал егер болмысымызда жа-ман әдеттер орнықса, қылықтарымыз да жаман болады. Оны жаман әдет немесе жаман ахлақ деп атайды. Іс-әрекеттеріміздің жақсы, парасатты болуы үшін жан-дүниемізді жаман мінез-құлықтардан тазарта отырып, өзімізді жақсы мінез-құлықтарға бауруымыз керек.

Топыраққа еккен тұқымға қарай өнім аламыз. Бидай тұқымынан би-дай өсіп шығатыны сияқты, арпаның дәнінен де арпа өсіп шығады. Демек, топыраққа қандай дән ексең, соған қарай өнім өсіп шығады. Осы сияқты жан-дүниеміздің түкпіріне жақсы мінез-құлықтардың тұқымын сепсек, бұл тұқым да дене ағзаларымызда жақсы іс-әрекеттерді іске асырады. Ал, егер жаман мінез-құлықтардың тұқымын сепсек, дене мүшелерімізді жаман іс-әрекеттерге итермелейді.