اللانىڭ ەسىم-سيپاتتارى
04/04/2019
АЛЛА ТАҒАЛАНЫҢ КӨРКЕМ ЕСІМДЕРІ
Уа, Раббым! Тіл жетпейді сипатың мен сыныңа,
Тосылады тереңдемей сырына.
Тәңірі Алла! Сенен өзге тәңір жоқ,
Туралық бер, рахымың төк құлыңа!
Алланың көркем есімдерінің тізімі
- Алла (Аллаһ) اللَّهُ Әлемдердің Жаратушысы.
- Ар-Рахман الرَّحْمٰنُ Аса рахымды.
- Ар-Рахим الرَّحِيمُ Ерекше мейірімді.
- Әл-Мәлик المَلِكُ Патша, билік Иесі.
- Әл-Қуддус القُدُّوسُ Аса қасиетті.
- Әс-Сәләм السَّلاَمُ Бейбітшіл.
- Әл-Мумин المُؤْمِنُ Аса сенімді.
- Әл-Муһәймин المُهَيمِنُ Толық басқарушы.
- Әл-Азиз العَزِيزُ Үстем, Аса даңқты, бәріне құдіретті.
- Әл-Жаббар الجَبَّارُ Бойсұндырушы, Аса құдіретті.
- Әл-Мутәкәббир المُتَكَبِّر Тәкаппар, Аса жоғары.
- Әл-Халиқ الخَالِقُ Жаратушы.
- Әл-Бари البَارِىءُ Жоқтан бар етуші.
- Әл-Мусаууир المُصَوِّرُ Бейнелеуші.
- Әл-Ғаффар الغَفَّارُ Кешірімшіл, Аса кешірімді.
- Әл-Қаһһар القَهَّارُ Өктем, шексіз қаһар Иесі.
- Әл-Уаһһаб الوَهَّابُ Сый беруші.
- Ар-Раззақ الرَّزَّاقُ Ризықтандырушы.
- Әл-Фаттах الفَتَّاحُ Жеңуші, Ашушы.
- Әл-Алим العَلِيمُ Бәрін Білуші.
- Әл-Қабид القََابِضُ Тарылтушы, Ұстап қалушы.
- Әл-Басит البَاسِطُ Кеңейтуші.
- Әл-Хафид الخَافِضُ Төмендетуші, Түсіруші.
- Ар-Рафиъ الرَّافِعُ Жоғарылатушы, Биіктетуші.
- Әл-Муъиззу المُعِزُّ Даңқты асырушы, жеңіс беруші.
- Әл-Музиллу المُذِلُّ Дәрежені төмендетуші.
- Әс-Сәмиъу السَّمِيعُ Бәрін Естуші.
- Әл-Басир البَصِيرُ Бәрін Көруші.
- Әл-Хакам الحَكَمُ Қазы, Төреші.
- Әл-Адл العَدْلُ Әділетті.
- Әл-Латиф اللَّطِيفُ Жұмсақ, Мейірімді.
- Әл-Хабир الخَبِيرُ Бәрінен Хабардар.
- Әл-Халим الحَلِيمُ Ұстамды, жылылық Иесі.
- Әл-Азим العَظِيمُ Ұлық, Ардақты.
- Әл-Ғафур الغَفُورُ Кешіруші, Кешірімді.
- Әш-Шәкур الشَّكُورُ Алғыс айтушы, жақсылықтың қарымтасын қайтарушы.
- Әл-Алий العَلِيُّ Асқақ, Бәрінен Биік.
- Әл-Кәбир الكَبِيرُ Үлкен, аса зор.
- Әл-Хафиз الحَفِيظُ Сақтаушы, қорғаушы.
- Әл-Муқит المُقِيتُ Қорек беруші, пенделердің қажеттіліктерін меңгеруші.
- Әл-Хасиб الحَسِيبُ Есептеуші.
- Әл-Жәлил الجَلِيلُ Аса ұлық, аса мәртебелі.
- Әл-Кәрим الكَرِيمُ Аса жомарт.
- Ар-Рақиб الرَّقِيبُ Бақылаушы.
- Әл-Мужиб المُجِيبُ Жауап беруші, тілекті қабыл алушы.
- Әл-Уасиғ الْوَاسِعُ Кеңпейілді, Бәрін қамтушы.
- Әл-Хаким الحَكِيمُ Дана, хикмет Иесі.
- Әл-Уадуд الوَدُودُ Сүюші.
- Әл-Мәжид المَجِيدُ Даңқты, абырой Иесі.
- Әл-Бағис البَاعِثُ Қайта Тірілтуші.
- Әш-Шәһид الشَّهِيدُ Куәгер, барлық нәрсеге куә болушы.
- Әл-Хаққ الحَقُّ Ақиқат, Хақиқи.
- Әл-Уакил الوَكِيلُ Қамқор, Уәкілдік етуші.
- Әл-Қауий القَوِيُّ Қуатты, Күшті.
- Әл-Мәтин المَتِينُ Өте Берік, Мықты.
- Әл-Уалий الوَلِيُّ Дос, Жанашыр.
- Әл-Хамид الحَمِيدُ Мақтаулы.
- Әл-Мухси المُحْصِي Бәрін есептеуші.
- Әл-Мубди المُبْدِيءُ Бастаушы.
- Әл-Муғид المُعِيدُ Қайтарушы.
- Әл-Мухи المُحْيِي Тірілтуші.
- Әл-Мумит المُمِيتُ Өлтіруші.
- Әл-Хайй الحَيُّ Мәңгі Тірі.
- Әл-Қаййум القَيُّومُ Өздігінен Тұрушы.
- Әл-Уажид الوَاجِدُ Табушы, Бай.
- Әл-Мәжид المَاجِدُ Игілікті, Даңқты.
- Әл-Уахид الوَاحِدُ Жалғыз.
- Ас-Самад الصَّمَدُ Мұңсыз, Мұқтажсыз.
- Әл-Қадир القَادِرُ Құдіретті.
- Әл-Муқтадир المُقْتَدِرُ Бәріне құдіретті.
- Әл-Муқаддим المُقَدِّمُ Алға шығарушы.
- Әл-Муаххир المُؤَخِّرُ Артқа қоюшы.
- Әл-Әууәл الأوَّلُ Ең бірінші.
- Әл-Ахир الآخِرُ Ең соңғы.
- Аз-Заһир الظَّاهِرُ Айқын, Бәрінен жоғары тұрушы.
- Әл-Батин البَاطِنُ Жасырын, Барлық нәрсені қамтушы.
- Әл-Уаали الوَالِي Әмірші.
- Әл-Мутәәли المُتَعَالِي Бәрінен Биік.
- Әл-Барр البَرُّ Ізгі, күллі игіліктің, жомарттықтың Иесі.
- Әт-Тәууәб التَّوَّابُ Тәубені тез қабыл алушы.
- Әл-Мунтәқим المُنْتَقِمُ Кек қайтарушы.
- Әл-Афуу العَفُوُّ Ғафу Иесі, Кешірімді.
- Ар-Раууф الرَّءُوفُ Мейірбан.
- Мәликул-мулк مَالِكُ المُلْكِ Патшалықтардың, Биліктің Патшасы, Иесі.
- Зул-жәләли уал-икрам ذُوالجَلاَلِ وَالإكْرَامِ Ұлылық пен Жомарттықтың Иесі.
- Әл-Муқсит المُقْسِطُ Әділетті.
- Әл-Жамиғ الجَامِعُ Жинаушы.
- Әл-Ғани الغَنِيُّ Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес.
- Әл-Муғни المُغْنِي Байытушы.
- Әл-Маниғ المَانِعُ Тыйым салушы, Тоқтатушы.
- Ад-Дарр الضَّارُّ Зияндық беруші.
- Ән-Нафиғ النَّافِعُ Пайда беруші.
- Ән-Нур النُّورُ Нұр, нұрландырушы.
- Әл-Һәди الهَادِي Туралыққа бастаушы.
- Әл-Бәдиғ البَدِيعُ Көркем Жаратушы.
- Әл-Бақи البَاقِي Мәңгі қалушы.
- Әл-Уарис الوَارِثُ Мирасқор.
- Ар-Рашид الرَّشِيدُ Туралыққа Нұсқаушы.
- Ас-Сабурالصَّبُورُ Аса сабырлы.