Таң 05:38 Күн 07:04 Бесін 13:10 Екінті 17:10 Ақшам 19:05 Құптан 20:31

АҚЫРЕТ КҮНІНЕ ИМАН ДЕГЕН НЕ?

24/05/2017 177608 0 Muftyat.kz

АҚЫРЕТ КҮНІНЕ ИМАН ДЕГЕН НЕ?

АҚЫРЕТ КҮНІНЕ ИМАН ДЕГЕН НЕ?

Иман шарттарының бесіншісі “ақырет күніне иман келтіру”.

Адамзаттың және басқа жаратылған тіршілік иелерінің соңы болғаны сияқты, өмір сүріп жатқан әлеміміздің де бір күні соңы келеді. Алланың тағдыр етіп жазған уақыты келгенде Исрафил періште “Сур” деп аталатын нәрсені үрлейді, осыдан шығатын қорқынышты дыбыстың әсерінен (Алланың қалағанынан басқа) барлық тіршілік иелері өледі, жер мен жеті қабат көк жүйесі бұзылып әлем жаңа бір бейнеге кіреді.

Қиямет деп аталатын бұл оқиғадан біраз уақыт өткеннен кейін Ал-ланың бұйрығымен Исрафил періште екінші рет “сурды” үрлейді. Бар-лық адамзат қайтадан тіріліп, “Махшар” делінген алаңға жиналады.

Бұл жерде барлық адам Алланың құзырына шығарылып, дүниедегі істері үшін есепке тартылады. “Кираман, Кәтибин” деген періштелер тарапынан жақсылық пен жамандықтары жазылған “Амал дәптерлері” пенденің қолына беріледі. Әркім дүниеде не істегенін амал дәптерлерінен көретін болады.

Дүниеде ашық, жасырын істелген барлық күнәлар анықталады. Жақсылықтар мен жамандықтар асқан мұқияттылықпен әділеттік таразысына тартылады. Сонда адам баласы дүниеде істегендерінің қай-тарымын көреді.

Адам дүниеде не еккен болса, ақыретте соны орады. Алланың әділеттілгі орындалып, әркімге өз ақысы беріледі. Ешкім әділетсіздікке ұшырамайды.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп хабар береді:

“Қиямет күні адам баласы төрт нәрседен сұраққа тартылмайынша Алланың құзырынан кетпейді:

– Өмірін қай жерде өткізгендігі;

– Денсаулығын қайда құртқандығы;

– Дүние мүлкін қайдан тауып, қайда жұмсағандығы;

– Білгенімен қалай амал жасағандығы”[1]

Жаңадан тіріліп, шексіздікке дейін жалғасатын уақытты “Ақырет күні” дейді. Ендеше, барлық адамдардың өлгеннен кейін қайтадан тірілуіне одан кейін жалғасатын мәңілік өмірге иман келтіру, иманның маңызды негіздерінің бірі болып табылады.

 


[1] Әт-тәрғиб уат-тәрһиб, 1 том, 125-бет