ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ЕҢБЕК ЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ
24/05/2017 269594 0 Muftyat.kz

ИСЛАМ ДІНІНДЕ ЕҢБЕК ЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ
Соңғы және қасиетті дін болып табылатын Исламның мақсаты – адамдардың бақыты. Бұл бақыт бір жақты, ауытқымалы бақыт емес.
Ислам діні адамдарға бұл дүниеде және ақырет өмірінде бақытты болудың жолдарын көрсетеді. Дүние мен ақырет бақыты еңбектену арқылы болады. Сондықтан, мұсылман екі дүние үшін де еңбектенуі керек. Дүние үшін еңбектеніп, табыс табу – дініміздің әмірі.
Алла Тағала Құран Кәрімде: “Шын мәнінде адам үшін өз табысынан басқа ештеңе жоқ”[1] дей отырып, еңбектенудің маңызын білдірген.
Пайғамбарымыз да: “Адамның жеген ең қайырлы тамағы – өз еңбегімен тапқаны. Алланың пайғамбары Дәуіт (алейһиссәләм) те өз еңбегімен күн көретін” деген.[2]
Дініміз еңбек етуге үлкен мән беріп, адал табыс табу үшін еңбектенуді ғибадат ретінде бағалаған.
Бір күні сахабалар пайғамбарымызбен бірге отырғанда жандарынан күшті, қажырлы, қайратты бір кісінің өтіп бара жатқанын көреді.
Сахабалар:
“Әй, Алланың елшісі! Әттең, бұл кісі Алла жолында еңбектенсе ғой” дейді.
Сонда пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп жауап берді:
– “Егер бұл кісі үйінен шиеттей бала-шағасына нан табу үшін шыққан болса, онда Алла жолында. Қарт ата-анасының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін шықса, Алла жолында. Өз нанын табу үшін шыққан болса да Алла жолында. Ал егер сырт көзге көрсету үшін шыққан болса, онда шайтан жолында”.[3]
Исламның бес шартының екеуі “Зекет” пен “Қажылық”, бай-дәулетті мұсылмандардың орындауы керек ғибадаттар. Ал байлыққа тек еңбектену арқылы ғана қол жеткізуге болады. Еңбектенген адам – абзал адам. Өйткені адам еңбектену арқылы әрі өзіне, әрі отбасына, әрі халқына пайда тигізеді.
Хадисте: “Адамдардың ең қайырлысы – жұртқа пайда тигіз-гені” делінген.[4]
Әрбір мұсылман ешқашан өлмейтіндей дүние үшін, ертең өлетіндей ақырет үшін еңбектенуі керек.
Пайғамбарымыз еңбектенуге үнемі шақырып отырған. “Екі күні бір-біріне тең өткен адам – алданған адам”[5] дей отырып, мұсылмандардың күн сайын алға қарай жылжуын қалаған.
Мәдиналық мұсылмандардың бірі келіп, жәрдем сұрайды. Пайғамбарымыз оған:
Үйіңде ештеңе жоқ па? – дейді. Ол :
Бір жағын үстімізге жамылып, бір жағын астымызға төсеп жүрген көрпе мен су ішіп жүрген бір ыдыс қана бар, – дейді.
– Барып, соларды маған алып кел!
Ол үйіне барып әкеп береді. Пайғамбарымыз:
– Бұларды кім сатып алады? – деді.
Мұсылмандардың бірі:
– “Уа, Расулалла, мен оларды бір дирхамға сатып алайын, – дейді.
Пайғамбарымыз:
– Одан да көбірек беретін адам бар ма? – деп сұрайды. Басқа біреуі:
– Мен екі дирхамға алайын, – дейді. Пайғамбарымыз бұларды сол адамға сатты. Содан кейін өзіне келген кісіге бұрылып:
– Бұл теңгенің біреуіне отбасың жейтін нәрсе ал, ал екіншісіне балта алып, маған кел, – деп тапсырды. Балта алып келгенде пайғам-барымыз өз қолымен балтасын саптап беріп:
– Қане, енді барып таудан отын әкеліп сат. Он бес күндей сені бұл жерден көрмейтін болайын, – дейді.
Он бес күннен кейін келгенде, байқаса, он дирхам тауып, жартысы-на тамақ, жартысына киім алған екен. Сол кезде пайғамбарымыз:
– Осылай еңбектенгенің қайыршылық жасаудан жақсырақ. Өйткені қайыршы болу ақырет күнінде жүзіңе қара дақ болып жағылады, – дейді.[6]
– “Егер бұл кісі үйінен шиеттей бала-шағасына нан табу үшін шыққан болса, онда Алла жолында. Қарт ата-анасының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін шықса, Алла жолында. Өз нанын табу үшін шыққан болса да Алла жолында. Ал егер сырт көзге көрсету үшін шыққан болса, онда шайтан жолында”.[7]
Исламның бес шартының екеуі “Зекет” пен “Қажылық”, бай-дәулетті мұсылмандардың орындауы керек ғибадаттар. Ал байлыққа тек еңбектену арқылы ғана қол жеткізуге болады. Еңбектенген адам – абзал адам. Өйткені адам еңбектену арқылы әрі өзіне, әрі отбасына, әрі халқына пайда тигізеді.
Хадисте: “Адамдардың ең қайырлысы – жұртқа пайда тигізгені” делінген.[8]
Әрбір мұсылман ешқашан өлмейтіндей дүние үшін, ертең өлетіндей ақырет үшін еңбектенуі керек.
Пайғамбарымыз еңбектенуге үнемі шақырып отырған. “Екі күні бір-біріне тең өткен адам – алданған адам”[9] дей отырып, мұсылмандардың күн сайын алға қарай жылжуын қалаған.
Мәдиналық мұсылмандардың бірі келіп, жәрдем сұрайды. Пайғамбарымыз оған:
Үйіңде ештеңе жоқ па? – дейді. Ол :
Бір жағын үстімізге жамылып, бір жағын астымызға төсеп жүрген көрпе мен су ішіп жүрген бір ыдыс қана бар, – дейді.
– Барып, соларды маған алып кел!
Ол үйіне барып әкеп береді. Пайғамбарымыз:
– Бұларды кім сатып алады? – деді.
Мұсылмандардың бірі:
– “Уа, Расулалла, мен оларды бір дирхамға сатып алайын, – дейді.
Пайғамбарымыз:
– Одан да көбірек беретін адам бар ма? – деп сұрайды. Басқа біреуі:
– Мен екі дирхамға алайын, – дейді. Пайғамбарымыз бұларды сол адамға сатты. Содан кейін өзіне келген кісіге бұрылып:
– Бұл теңгенің біреуіне отбасың жейтін нәрсе ал, ал екіншісіне балта алып, маған кел, – деп тапсырды. Балта алып келгенде пайғамбарымыз өз қолымен балтасын саптап беріп:
– Қане, енді барып таудан отын әкеліп сат. Он бес күндей сені бұл жерден көрмейтін болайын, – дейді.
Он бес күннен кейін келгенде, байқаса, он дирхам тауып, жартысына тамақ, жартысына киім алған екен. Сол кезде пайғамбарымыз:
– Осылай еңбектенгенің қайыршылық жасаудан жақсырақ. Өйткені қайыршы болу ақырет күнінде жүзіңе қара дақ болып жағылады, – дейді.[10]
Пайғамбарымыз мына тамаша сөздері арқылы бізге дүние мен ақыретте бақытты болудың жолдарын көрсеткен:
“Сендердің араларыңдағы ең қайырлы адам – бұл дүние үшін ақыретті ұмытпай, ақырет үшін бұл дүниені ұмытпай, екі дүние үшін де еңбектенетін және ешкімге ауыртпалығын артпайтын жан”.[11]
Ендеше, мұсылман әрі дүние, әрі ақырет үшін еңбектеніп, күн сайын алға ілгерілеп отыруы қажет. Дініміздің әмірі де осы.
АҒАШ ОТЫРҒЫЗАЙЫҚ
Сүйікті пайғамбарымыз: “Қиямет қайым басталған кезде кімнің қолында бір құрма ағашы болса, қиямет орнамай тұрып күші жетсе дереу отырғызып үлгерсін” дейді.[12]
“Бір мұсылман бір ағаш отырғызса немесе бір нәрсе ексе және одан бір құс, бір адам немесе жануар жесе, ол адам үшін садақа болып есептеледі”.[13]
“Әлдекім ағаш отырғызса, дәптеріне отырғызған ағашының жемісіндей сауап жазылады”[14]
Аббаси халифаларынан Һарун Рашид бір қарт кісінің жеміс ағашын отырғызып жатқанын көріп, оған:
– Әкей, өзіңіз қартайыпсыз. Отырғызып жатқан ағаштың жемісін жей алмайсыз, неге бейнеттеніп жатырсыз? – дейді.
Қарт кісі былай деп жауап береді:
– Бізден бұрынғылар отырғызған ағаштың жемісін біз жедік. Енді біз отырғызған ағаштың жемісін кейінгілер жесін.
Бұл жауап Һарун Рашидке ұнап, қартқа бір уыс алтын береді.
– “Көрдің бе, балам, отырғызып жатқан ағаштың жемісін міне, мен де көрдім”, – дейді.
Бұл сөз де Һарун Рашидке ұнайды.
Ағаштар мен ормандар – елдің байлығы. Жұтқан ауамыздан ішкен суымызға, оқыған кітабымыздан жазған қаламымызға дейін барлық жерде ағашты көреміз. Тіршілік иелерінің өмірі үшін қажетті оттегін ормандар өндіреді, әртүрлі жануарлар мен құстарға пана болады. Орман, топырақтың эрозияға ұшырауына кедергі келтіреді.
Сол себепті жақсы ұрпақ тәрбиелеу сияқты ағаш өсірудің қайырлы іс екендігінде дау жоқ. Ағаш отырғызып, өсіру қаншалықты сауапты болса, ағашты кесіп, орманды қирату да соншалықты күнә іс.
Пайғамбарымыз былай дейді: “Кімде-кім бір жас шыбықты кессе, Алла Тағала сол адамды қиямет күні аяғынан алып жәһаннамға тастайды”.[15]
Бұл хадис мұсылмандар үшін маңызды ескерту.
Адам баласы өте бір қажеттілік болмаса, ағашты қалайша кеседі? Ормандардың күлге айналуына және сол жерде тіршілік құратын жәндіктердің отқа орануына қалайша себеп бола алады?
Ағаштар мен орманды аяусыз отағандар, осы істеген жамандықтары үшін қиямет күні жауап береді, лайықты жазасын тартады. Мұсылман ретінде біздің міндетіміз: пайғамбарымыздың әмірлері мен өсиеттерін орындап, ағаш отырғызып, өсіру, ағаштарды баладай мәпелеу, ормандарды көзіміздің қарашығындай қорғау. Ағаш отырғызу құлшылық дәрежесінде өте жақсы іс, сонымен бірге патриоттық міндет. Ағашты жақсы көретін бір отандасымыздың ағаштың сезімдерін қалай баян-дағанын көріңіздер.
Міне, дұғаға жайылған адамның алақандары сияқты көкке ұзарған ағаштың мінәжаты:
Қыстың суық түндерінде үйіңді жылытатын, жаздың ыстық күнінде күннен сая болатын менмін.
Үйіңнің төбесі, баспанаңның есігі, үстеліңнің тақтайы менмін.
Қаламың да мен, қағазың да мен, бесіктен мазарға дейін адал досың да мен болам.
Туғанда қуанышыңа, өмірде қызметіңе, өлгенде қайғыңа ортақтасамын.
Мені өрттің алауынан, балтаның жүзінен, ешкінің тісінен қорға.
Өйткені мен отаныңның көркі, жеріңнің байлығы, еліңнің әшекейі, таулардың пердесімін.
Мені сүйсең, бұтақтарымда құстар сайрайды, басымнан жел еседі, көлеңкемде жолаушылар тынығады.
Мені жақпа, сайлар сел болады, таулар жалаңданады. Бұлақтар бітеледі, топырақ құрғайды. Жағатының тезек, ғимаратың кірпіш болады.
Насихатымды тыңда, балтаңды ағашқа емес тасқа шап.
Мені жақпа, менің қойнауымдағы жәндіктерге тиме.
Жүрегіңді жарып шыққан ең үлкен тілек ағашты сүю болғай.
Осындай сөздермен бізге үндеу жасайтын, мені құтқарыңдар дегендей жалбарған жас ағашқа қалай қол көтеріп, қалай қатыгездік жасауға болады?
[1] Нәжім сүресі, 39-аят
[2] Риязүс-салихин, 1-том, 569-бет
[3] Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб”, ІІ-том, 524 бет
[4] 250 Хадис,121-бет
[5] Кәшфүл-хафа, ІІ-том, 233-бет
[6] Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, ІІ-том, 523 бет
[7] Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб”, ІІ-том, 524 бет
[8] 250 Хадис,121-бет
[9] Кәшфүл-хафа, ІІ-том, 233-бет
[10] Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, ІІ-том, 523 бет
[11] Мухтару-л – ахадис
[12] 250 хадис, 27 бет
[13] Тәжриди сарих, аудармасы мен түсініктемесі, VII, 121 б
[14] Тәжриди сарих аудармасы және түсініктемесі, VII, 122 б
[15] Фәйзул-қадир, 6-том, 206-б