Таң 05:38 Күн 07:04 Бесін 13:10 Екінті 17:10 Ақшам 19:05 Құптан 20:31

ТАҒДЫР (ҚАДАР) МЕН ҚАЗАҒА СЕНУДІҢ ПАЙДАЛАРЫ

24/05/2017 198773 0 Muftyat.kz

ТАҒДЫР (ҚАДАР) МЕН ҚАЗАҒА СЕНУДІҢ ПАЙДАЛАРЫ

ТАҒДЫР (ҚАДАР) МЕН ҚАЗАҒА СЕНУДІҢ ПАЙДАЛАРЫ

Тағдырға сенген адам әлемде кез келген нәрсенің Алланың қалауы және жаратуымен болатынын, бірақ адамға таңдау еркі мен жұмыс жасау күші берілгенін біледі. Осындай сенімге ие болған адам өмірде та-бысқа жету үшін бар күшін салып еңбек етеді, ештеңеден тайынбайды. Өйткені, адам ерік-жігерімен күш-қайратын бір іс жасауға бағыттаса, ол істі Алланың жарататындығына және өзін табысқа жеткізетініне сенеді.

Адам өз қалауымен жасаған нәрселерінен жауап беретінін білгендіктен, өзіне берілген ерікті жақсы істерге бағыттайды. Жазасын тар-татын істерден сақтанады. Осылайша тағдырға деген сенім әр адам-ның жұмыс істеу ынтасын арттырып, адамда жауапкершілік сезімін оятады. 

Тағдырға сенетін адам істерінде табысты бола алмаған немесе бір қырсыққа тап келген жағдайларда үмітсіздікке салынбайды, еңсесін түсірмейді. Өйткені, Алланың әр ісінде бір сыр (хикмет) бар екенін, адамның күші шектеулі тіршілік иесі болып жаратылғанын, күші жет-пеген істерге жауап бермейтінін біледі және Алланың жазғанына бас иеді. Бұл сенім адамды тыныштандырып, қайғысын азайтады.

Тағдырға деген сенім бізге тіршіліктегі әр нәрсенің бір жоспарға сәйкес, көзделген бір мақсатқа орай жаратылғанын, әр нәрсенің бір себебі бар екенін үйретеді.

Бұл сенім арқылы адам өмірде табысқа жетудің жолдары мен себептерін іздестіре отырып, мойнына жүктеген міндеттерін орындауға тырысады.