Таң 05:29 Күн 06:56 Бесін 13:12 Екінті 17:20 Ақшам 19:16 Құптан 20:44

РЫЗЫҚ

26/05/2017 11682 0 Muftyat.kz

РЫЗЫҚ

РЫЗЫҚ

Тіршілік иелерінің ішіп-жейтін, пайдаланатын нәрселері “рызық” деп аталады. Барлық тіршілік иелеріне рызық беруші – Алла. Құранда Алла Тағала былай дейді:

“Жер жүзіндегі күллі жаратылыстың қорегі тек Аллаға ғана тиесілі”[1]

Алла әркімнің рызығын белгілеп, жазып қойған. Бірақ сол рызықты іздеп табу адамның өз қолында. Адамның – міндеті, рызығын адал жолдармен табу. Адам рызығын қалай қаласа, Алла соған қарай береді. Несібесін табу жолындағы ерік-жігерін жамандыққа жұмсаған және харам нәрсе жеген адам жазасын тартады.

 


[1] Һұд сүресі, 6-аят.