Таң 03:07 Күн 04:56 Бесін 13:18 Екінті 18:52 Ақшам 21:30 Құптан 23:19

НАМАЗДЫҢ СҮННЕТТЕРІ

24/05/2017 116143 0 Muftyat.kz

НАМАЗДЫҢ СҮННЕТТЕРІ

НАМАЗДЫҢ СҮННЕТТЕРІ

1) Әр намаздың ифтитах тәкбірінде, үтір намазының құныт тәкбірінде және айт намазының қосымша тәкбірлерінде қолды көтеру (ер адамдардың қолдарының бас бармағы құлағына келетіндей көте-руі; әйелдер саусақ ұштары иықтарына келетіндей етіп қолдарын көтереді).

2) Бес уақыт намаз бен жұма намазы үшін азан шақыру және қамат түсіру (әйелдер үшін азан мен қамат сүннет емес).

Азанды тыңдау – мұстахаб. Азанды естіген адам азан айтушының айтқан сөйлемдерін бұлжытпай қайталайды. Тек қана “хайиә әләс-са-лаат” және “хайиә  аләл-фәлах” дегенде “Лә хаулә уә лә қууата иллә билләһил алийл азим” дейді.

Азан біткеннен кейін Пайғамбарымызға салауат айтып, мына дұғаны оқиды:

 

Дуа

   Оқылуы: “Аллаһуммә Раббә һазиһид-дағуатиттәәммаһ уассала-тил-қааимәти әти Мухаммәдәнәл-уәсиләтә уәл-фадиләтә, уәбғасһу мақаамән-махмудәнәлләзи уааттәһ.”

Мағынасы: Әй, бұл толық шақырудың (азанның) және оқылатын намаздың Раббысы Алла! Мұхаммедке (с.а.у) жәннаттан ең жоғары дәрежені сыйлап, оны сен уәде еткен Махмұд дәрежесіне (ең жоғарғы шапағат деңгейі) жеткізе гөр.

Пайғамбарымыз: “Азаннан кейін кімде-кім бұл дұғаны оқыса, қиямет күнінде ол менің шапағатыма бөленеді” деген.[1]

АЗАН

Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар

Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар

Әшһәду әл ләә иләһә илләллаһ

Әшһәду әл ләә иләһә илләллаһ

Әшһәду әннә Мұхаммәдәр расулуллаһ

Әшһәду әннә Мұхаммәдәр расулуллаһ

Хайиә ғаләс-салаат - Хайиә ғаләс-салаат

Хайиә ғаләл-фәлах-Хайиә ғаләл-фәлах

Әссалату хайрум минән нәум

Әссалату хайрум минән нәум (Бұл бөлім тек қана таң намазына азан

шақырғанда айтылады)

Аллаһу әкбәр, Аллаһу әкбәр

Лә иләһә илләллаһ.

ҚАМАТ

Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар

Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар

Әшһәду әл ләә иләһә илләллаһ

Әшһәду әл ләә иләһә илләллаһ

Әшһәду әннә Мұхаммәдәр расулуллаһ

Әшһәду әннә Мұхаммәдәр расулуллаһ

Хайиә ғаләс-салаат - Хайиә ғаләс-салаат

Хайиә ғаләл-фәлах-Хайиә ғаләл-фәлах

Қад қаматис-салат

Қад қаматис-салат

Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбәр

Лә иләһә илләллаһ.

3) Субхәнәкә оқу.

4) Алғашқы рәкағатта Субханәкәдан кейін Әғузу-бисмилләһ, басқа рәкағаттарда Фатихадан бұрын бисмилләні оқу.

5) Субханәкә, әғузу және бисмилләні ішінен оқу.

6) Фатихадан кейін имамның әрі жамағаттың іштей “Әмин”деуі.

7) Ифтитах тәкбірінен басқа намаз ішіндегі барлық тәкбірлер.

8) Рүкуғдан тұрғанда “сәмиаллаһу лиман хамидәһ”, одан кейін “Раббәнә ләкәл - хамд” деу.

9) Рүкуғда үш рет “сүбханә раббиәл-азим” деу және сәжделердің әрқайсысында “субханә раббиәл ағла” деу.

10) Намазда тұрғанда аяқтардың арасы төрт елідей ашық болу.

11) Рүкуғда тізелерді қолмен ұстау, ұстаған кезде саусақтардың арасының ашық болуы. (Әйелдер саусақтарын ашпайды және тізелерін ұстамайды, тек қана қолдарын тізелерінің үстіне қояды).

12) Рүкуғда тізелері мен шынтақтарын бүкпей, арқасын бүкірейтпей түзу ұстау. (Әйелдер болса тізелерін бүгіп, арқаларын біраз жоға-рыға қарай көтеріп ұстайды).

13) Сәждеге барған кезде жерге әуелі тізелерін, содан кейін қолдарын, содан кейін ғана жүзін тигізеді. Сәждеден тұрғанда әуелі жүзін, сосын қолдарын, содан кейін тізелерінің үстіне қолдарын қойып, кө-терілу.

14) Отырыстарда қолдарын санының үстіне тізеге жақын қою.

15) Отырғанда сол аяғын жерге төсеп үстіне отыру және оң жаққа қарай башпайларын құбылаға қарату. (Әйелдер аяқтарын оң жаққа қа-рай шығарыңқырап жамбастап отырады).

16) Соңғы отырыста “әттәхияту” ден кейін “Аллаһуммә салли” және “Аллаһуммә бәрик” пен бірге дұға оқу (Раббәнә әтина дұғасы).

17) Сәлем бергенде басын әуелі оң жаққа, содан кейін сол жаққа бұру.

18) Сәлем бергенде “әс-сәләму алейкум уә рахматтуллаһ” деу.

Намаздың әдептері:

а) Намазда тік тұрғанда сәжде ететін жерге;

ә) Рүкуғда аяқтарына;

б) Отырғанда алдына;

в) Сәждеде мұрнының ұшына;

г) Сәлем бергенде иықтарға қарау.

 


[1] Риязүссалихин”,ІІ том, 371-бет