Таң 03:07 Күн 04:56 Бесін 13:18 Екінті 18:52 Ақшам 21:30 Құптан 23:19

НАМАЗДЫҢ УӘЖІПТЕРІ

24/05/2017 199404 0 Muftyat.kz

НАМАЗДЫҢ УӘЖІПТЕРІ

НАМАЗДЫҢ УӘЖІПТЕРІ

1) Намазды “Аллаһу әкбар” сөзімен бастау.

2) Парыз намаздардың алғашқы екі рәкағатында, ал нәпіл намаздардың әр рәкағатында “Фатиха” сүресін оқу.

3) Парыз намаздардың алғашқы екі рәкағатында, үтір және нәпіл намаздарының әр рәкағатында “Фатиха” сүресінен кейін, бір сүре немесе ең кемі үш қысқа аят оқу.

4) “Фатиханы” сүреден бұрын оқу.

5) Сәждеде маңдаймен қоса мұрынды да жерге тигізу.

6) Үш және төрт рәкағатты намаздардың екінші рәкағатында отыру (бұл қағда-и улә – бірінші отырыс деп аталады).

7) Намаздағы бірінші отырыс пен соңғы отырыстарда “әттәхиятты” оқу.

8) Жамағатпен оқылған таң, жұма, айт, тарауих және үтір намаздарының алғашқы екі рәкағатында имамның “Фатиха” мен қосымша сүрені дауыстап, бесін және екінті намаздарынада іштей оқуы.

9) Имамға ұйыған жамағаттың “Фатиха” мен қосымша сүрені оқымай, үндемей тұруы.

10) Үтір намазында құнұт тәкбірін алып, құныт дұғасын оқу.

11) Айт намаздарындағы қосымша тәкбірлер.

12) Тағдил әркан, яғни тік тұрған кезде, рүкуғқа еңкейгенде түп-түзу болу (әйелдер біраз иіле алады). Рүкуғдан тұрғанда тік тұру және екі сәжде арасында толық отыру.

13) Намаздың соңында оңға және солға сәлем беру.

14) Намазда жаңылса, “сәһу сәждесін” жасау.

(Намазда парыз немесе уәжіп амалдардан біреуінің кешіктіріліп жасалуы немесе уәжіптерден бірі ұмытылып кетсе сәһу сәждесін жасау керек. Уәжіпті біле тұра, әдейі орындамаса, намаз қайтадан оқылуы керек).