РЫЗЫҚ
24/05/2017 147759 0 Muftyat.kz

РЫЗЫҚ
Тіршілік иелерінің ішіп-жейтін, пайдаланатын нәрселері “рызық” деп аталады. Барлық тіршілік иелеріне рызық беруші – Алла. Құранда Алла Тағала былай дейді:
“Жер жүзіндегі күллі жаратылыстың қорегі тек Аллаға ғана тиесілі”[1]
Алла әркімнің рызығын белгілеп, жазып қойған. Бірақ сол рызықты іздеп табу адамның өз қолында. Адамның – міндеті, рызығын адал жолдармен табу. Адам рызығын қалай қаласа, Алла соған қарай береді. Несібесін табу жолындағы ерік-жігерін жамандыққа жұмсаған және харам нәрсе жеген адам жазасын тартады.
[1] Һұд сүресі, 6-аят.