Таң 03:07 Күн 04:56 Бесін 13:18 Екінті 18:52 Ақшам 21:30 Құптан 23:19

ТАҒДЫР МЕН ҚАЗА ДЕГЕН НЕ?

24/05/2017 113181 0 Muftyat.kz

ТАҒДЫР МЕН ҚАЗА ДЕГЕН НЕ?

ТАҒДЫР МЕН ҚАЗА ДЕГЕН НЕ?

Иман шарттарының алтыншысы– тағдыр мен қазаға, жақсылық пен жамандықтың Алла Тағаланың жаратуымен болатындығына сену.

Діни термин ретінде “тағдыр” мен “қазаның” мағыналары:

Тағдыр: Әлемде болатын құбылыстардың мезгілін, орнын, ерекшеліктерін және қалай болатынын Алла Тағала ежелден біліп, тағдыр етіп, белгілеп қоюын “тағдыр” дейді.

Қаза: Алланың ежелден тағдыр еткен құбылыстарды мезгілі келгенде осы тағдырда жазылғандай жаратуын “қаза” дейді.

Егер қадарды (тағдырды) бір жоспарға ұқсататын болсақ, “қаза” – жоспарға сәйкес сол нәрсенің жүзеге асырылуы. Әлемде болып жатқан және пайда болатын кез келген нәрсе Алланың білуі, қалауы және жаратуымен болады. Одан басқа жаратушы жоқ.

Тағдыр мен қазаға иман келтіру – жақсылық пен жамандықтың Алла тарапынан белгіленіп, уақыты келісімен орындалатынына сену дегенді білдіреді.

АДАМНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Адамның іс-әрекеті екіге бөлінеді:

Біріншісі, өз қалауынан тыс, Алланың жаратуымен жүзеге асатын істер. Науқастыққа байланысты қолының дірілдеуі, жүрегінің соғуы, бойының қысқа немесе ұзын болуы сияқты. Бұлар тікелей Алланың қалауымен және жаратуымен жүзеге асатындықтан адамдар бұл істерге жауапты емес.

Екіншісі, адамның қалауына байланысты Алланың жаратуымен жүзеге асатын істер. Адамның отырып-тұруы, қолымен және басқа мүшелерімен істеген істері Алланың жаратуымен жүзеге асатындықтан адамдар бұл істеріне жауапты болады.

Әрбір нәрсені белгілеп, жаратушы – Алла. Бірақ, бір істі істеуде не істемеуде Алла адамға қалау, яғни таңдау еркін берген. Адам осы қалауымен жақсылықты таңдап, күш-қуатын соны істеу үшін жұмсайтын болса, Алла жақсылықты жаратады. Егер адам жамандықты таңдап, талпынысын соған бағыттаса, Алла жамандықты жаратады.

Байқағанымыздай, адам не істегісі келсе Алла соны жаратады. “Жақсылық пен жамандық Алладан. Яғни жақсылық пен жамандық Алланың жаратуымен болады” деген сөздің мағынасы осы.

Адамның істеген істеріне жауапты болуының себебі, осы таңдау еркіне ие болуында және күш-қуатын таңдаған ісін істеуге бағыттауында. Сол үшін әркім өз еркімен жасаған істеріне жауапты. Жақсылық жасаған болса сыйын, жамандық істеген болға жазасын көреді